|    |  
20 ақпан 2019
22:55
Зарина Дияс Сабин Лисицкиді басымдылықпен жеңді
23 сәуір 2015, 11:58 12
Штутгарт қаласында теннистен өтіп жатқан ірі халықаралық турнирдің бірінші айналымында Қазақстанның бірінші, әлемнің 32-інші ракеткасы Зарина Дияс германиялық, дүниежүзілік сатыда 19-ыншы орында тұрған Сабина Лисицкиді бет қаратпай ұтты.

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Зарина Сабинаға бірде-бір гейм бермей, 6:0, 6:0 есебімен тізе бүктірді. 21 жасар қазақ теннисшісі 9 брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдалана білді.
З.Дияс ширек финалға шығу үшін итальяндық, әлемнің 15-інші ракеткасы Сара Эрранимен күш сынасады.
 
Все новости