|    |  
23 наурыз 2019
09:42
Жақсы психологты қалай таңдау керек?
28 қараша 2018, 10:24 2

 
1.Маманның біліміне назар аударыңыз. Оқыған университетін, мамандығын, біліктілік арттыру курстарына назар аударыңыз. Клиникалық психология саласында дайындықтан өткен доктар жақсы шешім болмақ. Әрине, білім сапаға кепіл бола алмайды. Бірақ белгілі бір сенімділік тудырады.

2.Біліктілік арттыру курсын бағалаған кезде профиліне қараңыз. Кәсіби мамандар үнемі қосымша дайындықтан өтеді. Себебі психология үнемі дамуды талап ететін мамандық. Жұмыстың басым бағыттары психоанализ, психодрама, гештальт-терапия, когнитивті терапия болып табылады.
 
3.Маманның психологиялық қауымдастықтар мен ұйымдарға қатысуы. Бұл маманның беделінің жоғары екендігін және адамның өз жұмысына мұқият қарайтындығын білдіреді.  

4.Маманның өзі жазған мақалалары мен кітаптарын саралаңыз. Көптеген психологтар мақалалар жазып, кітаптарын шығарады, әдістемелерін таныстырады.  

5.Психологқа хабарласыңыз. Телефон арқылы өзіңізді қызықтырған сұрақтарды қоя аласыз.

Дереккөз: zhenskoe-mnenie.ru
Все новости