|    |  
20 тамыз 2019
12:38
Жақында екінші мәрте тұрмысқа шыққан Әсел Асқар күйеуі мен отбасылық өмірі жайлы айтты
09 тамыз 2019, 16:08 395
Әнші Бүркіттің аты шулы қарындасы, актриса, танымал блогер, модель Әсел Асқар жақында екінші мәрте тұрмысқа шықты. Бірінші некесінен 8 жасар ұлы бар. Ал Әселдің бұл жолы таңдауы түскен азаматтың есімі Айбек. Өзінің құда баласы болып келеді екен. Актриса goodhouse.kz басылымына сұхбат беріп, жолдасы мен отбасылық өмірі жайлы айтты.


 
«Мен өзімнен 2,5 жас кіші азаматқа тұрмысқа шығамын деп ешқашан ойламағанмын. Бірақ Айбекпен жақын танысқаннан кейін оның қасында өзімді кішкентай қыз сияқты сезінетінімді түсіндім. Оның туған қарындасы менің немере ініме тұрмысқа шыққан. Бастапқыда біздің қарым-қатынасымызға қарсы болғандар көп болды. Ол үйленбеген жігіт. Менің балам бар. Тіпті біздің үйленгенімізге де көп адам қуанған жоқ. Әлі күнге дейін құттықтамаған туыстарымыз көп. Оның анасымен қарым-қатынасым жақсы. Ешқандай түсінбеушілік болмады. Отбасы да мені жақсы қабылдады. Менің өз ата-анам ажырасып кеткен. Сондықтан менің ағаларым әкемнің орнын басты. Бірақ менің ағаларым, туыстарым қарсы болды. Біздің қарым-қатынасымыз інім мен оның қарындасының отбасылық өміріне кесірін тигізеді деп ескертті. Бірақ міне көріп отырсыздар, біз де отбасы болдық. Айбек мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Мамандығы заңгер. Ол мені қолдайды, менің есебімнен аяққа тұру деген арам ойы жоқ. Ал балам екеуі жақсы тіл табысты. Айбек маған үйленгенде тіпті «Мен бірден үйлендім әрі әке болдым» деді. Оның бұл сөзі мені қуантты. Баламның өз әкесі бір жылдан бері байланысқа шыққан жоқ. Мен енді өзім де баламның әкесімен араласқанын қаламаймын. Баламның өзі де әкесін көп есіне алмайды. Енді баламның Айбекке туған ұлындай болуы үшін барымды саламын. Олардың түр келбеті ғана емес, мінездері де ұқсайды»-дейді актриса.








 
 
Все новости