|    |  
13 қараша 2019
11:59
Жалаң қолмен жілік шаққан әже Желі жұлдызына айналды
16 ақпан 2018, 11:10 47


Инстаграм әлеуметтік желісіндегі @zhest_kz каналында жалаң қолмен жілік шаққан әженің видеосы жарияланды. 

Видео жарияланған сәттен-ақ бірден Желіде кеңінен тарап, бүгінгі таңға дейін 60 мыңға жуық адам тамашалаған.

"Жілік шағу" - қазақ халқының ертеден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі. Негізгі мақсаты - жігіттерді батылдыққа, қайраттылыққа, төзімділікке үйрету болған.

Міне, бүгін осындай тәрбиелік маңызы мол дәстүрді Желіде әжеміз еске салып қана қоймай, жастарға үлгі көрсетіп отыр. 

Бір таң қаларлығы, “Ерлігімді қартайғанда көрсетейін деп жатырмын”, - деген әжей еш қиындықсыз алдында жатқан сүйекті бір соққымен екіге бөліп тастайды.

Видеоны Желіге шығарған @zhest_kz каналының әкімшісі: "Не апашка, а настоящий терминатор!" деген жазба қалдырған.
 


Айдар ЖАНАЙ
Все новости