|    |  
23 қаңтар 2020
21:59
Жанар Дұғалова қатты сырқаттанып қалды
24 шілде 2015, 10:58 44
Жанар Дұғалова қатты сырқаттанып қалды


Ұзынқұлақтардан естуімізше, Жанар Дұғалова қатты сырқаттынып,  емделіп жатыр. 

Ол қазір ешқандай концерттер мен түсірілімдерге қатыспайды. Себебі әншіге дәрігерлер қатаң режимде ем қабылдауға кеңес берген.

Баян Есентаеваның осыдан бірнеше күн бұрын түсірілім жұмыстары басталған  «Жанды дауыс» жобасында Жанар тәлімгер ретінде қатысуы керек еді. Бірақ, әнші   көрінбейді.

Осы орайда біз мәселенің мән-жайын білу мақсатында Жанардың директоры мен музыкалық продюсеріне хабарласып көрген едік. Өкінішке орай, қоңырауымызға жауап бермеді.

Не де болса, әншінің тезірек жазылып, қайта сахнаға оралуына шын жүректен тілектеспіз.

Дереккөзі:baistars.kz

 

 
Все новости