|    |  
22 ақпан 2020
03:47
Жәния Джуринская: Кәрі қыз болып қалудан қорықпаймын
22 қыркүйек 2017, 11:37 88
26 жастағы Жәния Джуринскаяны оқырмандары отбасын құру жайлы сұрақпен жиі мазалайтын болса керек, актриса желідегі парақшасында осы мәселеге қатысы ойын білдіріпті. Жәния кәрі қыз болып қалудан қорықпайтынын, еркіндігі мен тәуелсіздігін тым жоғары бағалайтынын және көпшіліктің сөзіне жығылып, ығында кетпейтінін айтады.

 

«Саған тұрмысқа шығу керек», «Қашан тұрмысқа шығасың?», «Бұлай қашанға дейін жүрмексің?». Осындай сұрақтар мені мезі етті. Шынымды айтайын мен жігітпен 5009 жыл кездесіп жүре беруім мүмкін. Бірақ мені АХАЖ-ға сүйреп апара алмайды.  Бала туу керек... Мен бәріне үлгеремін. Бірде мерген әйелдер туралы мақала оқыдым. Ол мақала құдды маған арнап жазылғандай. Өзімнің барлық сұрақтарыма жауап таптым.
 
Мерген әйелдер тәуелсіздік пен еркіндікті жоғары бағалайды. Некеге талғаммен қарайды. Сондықтан кәрі қыз болып қалуы мүмкін және одан қорықпайды. Ол тым тәуелсіз, саяхаттағанды ұнатады, өзінің еркіндігін жоғалтудан қорқады. Ол өзінің қызығушылықтарын шектеу, үйде отыру туралы ойлардан шошиды.

Сондықтан егер сіз оған ұсыныс жасағыңыз келсе оның жағдайын жасайтыныңызға сендіріңіз. Өзіңіздің әйелді жұмысын тастап, ас үйде отыруға мәжбүрлемейтін еркек екеніңізді дәлелдеңіз. Оның қызығушылықтарын бөлісіңіз, онымен бірге достарыңызға қонаққа барыңыз. Егер мерген әйел некелескеннен кейін де өмірінің өзгермейтініне сенімді болса сізге тұрмысқа шығуға келісімін берер.
Ал енді менің әлі бұған көзімді ешкім жеткізбегенін түсінген боларсыздар. Мен өзім қалаған уақытта тұрмысқа шығамын. Әлдеқашан ойлап табылған стереотиптерге түкіргенім бар, мен отарда емеспін»-дейді актриса.
 
Желі қолданушылары болса актрисаның бұл ойына түрлі пікір білдіріп жатыр. Біреуі ойын құптаса, екіншілері жалғыз қалатынын ескертуде. Бәзбіреулері тіпті тұрмысқа шығуға ұсыныс та жасап үлгерген.
 
Дереккөз: Reactor
Все новости