|    |  
16 қазан 2019
00:10
Жанкүйер бойжеткен Роналдуға үйленуге ұсыныс жасады
22 маусым 2017, 11:44 38


Конфедерация кубогының Ресей мен Португалия арасындағы кездесу кезінде «Ашық Арена» стадионы трибунасында отырған жанкүйер бойжеткен Криштиану Роналдуға үйленуге ұсыныс жасаған плакатты көрсетті. Фото Twitter әлеуметтік желісіндегі caro аккаунтында жарияланды.

«Роналду, қанеки үйленейік», — деп жазылған плакатта.

Кездесу нәтижесі бойынша, Роналду ресейліктермен кездесу кезінде португалиялықтарға жеңіс сыйлаған жалғыз голдың авторы атанды. Осылайша, Фернанду Сантуштың командасы 4 ұпай жинап, турнир кестесінің А тобында көш бастады. Ресей құрамасы 3 ұпаймен екінші орында тұр.

11 маусымда БАҚ Роналдудың суррогат анадан егіз баласы дүниеге келгенін жариялаған болатын. 32 жасар футболшы қазір тағы бір суррогат анадан туған 6 жастағы кіші-Криштиануды тәрбиелеп отыр. Қазіргі кезде атақты футболшы 22 жасар испандық модель Джорджина Родригеспен көңіл қосып жүр.


Дереккөзі: https://lenta.ru
 
Все новости