|    |  
24 ақпан 2020
03:13
«Жануарлардың тілінде сөйлейтін» Аманғали Сыпабеков әке атанды
07 қыркүйек 2017, 14:50 399



Үй жануарларының дауысын салудан алдына жан салмайтын әйгілі пародист Аманғали Сыпабеков алғаш рет әке атанды.Бұл туралы «Әзіл әлемі» театрының белді әртісі Аманғалидың өзі Инстаграм желісіндегі парақшасында «Сүйінші» сұрап, өзі хабарлады.



«Алла жеңілдігін берсін деп дұға жасаңыздаршы», – деп көпшіліктен тілеу сұраған Аманғали, бірер-сағаттан кейін, «Әке болдым халқым, Аллаға шүкір», – деп жазды.

 

Әке болдым халқым Аллаға шүкір)))

Публикация от Амангали Сыпабеков (@amangali.bazarzhok)



Осылайша, әке атанып, қуанышымен бөліскен Аманғали жаңадан дүние есігін ашқан сәбидің ұл немесе қыз екенін жасырып қалды.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Марал есімді арумен шаңырақ көтерген Аманғали үйлену тойын өзінің туған жері Тараз қаласында дүркіретіп өткізген болатын.


Айдар ЖАНАЙ
 
Все новости