|    |  
11 желтоқсан 2018
14:07
​Жапондық лифттер әжетхана мен ішетін су қорымен жабдықталады
04 маусым, 15:30 918
Жапония үкіметі токиялық лифттерді әжетхана және  ішетін су қорымен жабдықтау жөнінде шешімдер шығарды. Мұндай шешімді қабылдауға елде жиі орын алатын жер сілкінісі зардаптары себеп болған. Өйткені зілзала ең бірінші кезекте лифт жұмысын бұзады екен.


Осы жылдың 25-мамырында Токияның солтүстік бөлігіне қарай жапон аралдарында 4 балдық жер сілкінісі орын алғаны белгілі. Осы табиғаттың кері құбылысы салдарынан, ел астанасындағы 19 мыңға жуық лифт жұмысы бұзылған. Олардың көпшілігі жақын қабаттарға тоқтап, есігі автоматты түрде ашылған. Ал кейбір адамдар лифте сағаттап қамалып қалған.

Нақты мәліметтерге қарағанда, елде 620 мың лифт жұмыс жасайды. Олардың бестен бір бөлігі Токияда орналасқан.
Соңғы уақыттары ​Жапонияда егде тартқан адамдарға арналып лифттіге орындықтар қою жұмыстары жүргізіле бастады.

Дереккөзі: rambler
Теги: Главная
Все новости