|    |  
18 наурыз 2019
20:28
​Жапония императоры өз еркімен тағынан түспек
11 қазан 2016, 18:01 4
 
 
Ел заңында императордың өз еркімен биліктен бас тартуы қарастырылмаған.
Жапонияның арнайы құрылған үкімет комиссиясы өз еркімен тақтан түсуге ниеттеніп отырған Акихитоның мәртебесін 17-қазанда анықтамақ.
 
Жапонияда 1947 жылы өз еркімен тақтан бас тартуға тыйым салатын заң қабылданған. Бұл императорға қысым көрсетілмес үшін және саяси күштердің өздеріне қолайлы мұрагерлерді таққа отырғызбауы үшін жасалған еді.
 
82 жастағы император Акихито биылғы жазда денсаулығының қызметтік міндеттерін атқаруға мүмкіндік бермейтінін мәлімдеген. Сауалнама жүргізгенде жергілікті тұрғындар патшаларының бұл қалауына түсіністікпен қарайтындарын көрсеткен.
 
Енді ел билігі Акихитоны өз еркімен тақтан түсіру үшін оның жеке өзіне ғана қолданылатын арнайы заң қабылдамақ.
 
Дереккөз: Аргументы и факты
Все новости