|    |  
18 қаңтар 2019
23:11
​Жапония робот-бала жасап шығарды (ВИДЕО)
04 қазан 2016, 09:23 903

 
Toyota Motor компаниясының мамандары Kirobo Mini деп аталатын робот-баланы жұртшылық назарына ұсынды. Оның отырған күйіндегі биіктігі 10 см. Жасанды интеллектісі бес жасар баланың ақыл-ойына сай. Видеокамерамен және дыбыс құрылғысымен жабдықталған. Робот камера көмегімен алдында тұрған адамның бет-әлпетін танып, сұрағына жауап бере алады.
 
Жапонияда соңғы елу жылда бала туу көрсеткіші айтарлықтай төмендеген. Жоба авторларының пікірінше Kirobo Mini баласы жоқ жұбайларға психологиялық проблемаларды шешуге көмектеседі. Әзірлеушілер Kirobo Mini кез-келген адамға таптырмас дос әрі көмекші болады деп отыр.


 
Робот жапонияда 2017 жылы сатылымға шығарылады.   Құны 39 800 иенді (390 доллар) құрамақ. Басқа елдерге сатылымға шығарыла ма әзірге белгісіз.
 
Дереккөз: Лента.ру
Все новости