|    |  
17 желтоқсан 2018
12:26
Жапонияда саяхатшылар автобусы апатқа ұшырады
15 қаңтар, 09:45 710


Жапонияда Токиодан Нагано префектурасындағы демалыс аймағына бара жатқан саяхатшылар автобусы жол-көлік апатына ұшырап, 14 адам қаза тапты, тағы 27 адам жараланды, деп хабарлады ВВС агенттігі. Жол апаты, тау ішіндегі жолда орын алған. Автобуста 41 адам, оның екеуі көлік жүргізушісі болған. Болжам бойынша, автобус Каруидзава курортына жақындап қалған тұста жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, 3 метр биіктен аударылған. 

Апат таңға жуық болғаны, алайда ол кезде жол тайғақ болмағаны хабарланды. 

Жапонияда соңғы жылдары бірқатар жол-көлік апаты жүргізушінің қалғып кетуінен болған.

Дереккөзі: ҚазАқпарат
Все новости