|    |  
18 желтоқсан 2018
18:13
Жас әнші жүгіне қосымша ақша төлемеу үшін үстіне 12 қабат киім киген
13 шілде, 09:37 631
Rewind тобының жас әншісі Джеймс Макэльвар артық жүкке қосымша 45 стерлинг (11900 теңге) төлемеу үшін үстіне 12 қабат киім киіп, ұшаққа отырды. «Қырыққабаттай» оранған ол Лондоннан Глазго қаласына жетем дегенше, жол бойы жүрегі қысылып, әбден мазасызданған.



Қаржысын үнемдеймін деп, сау басына сақина тілеп алған жолаушы қалалық ауруханадан бір-ақ шықты. Тиісті медициналық жәрдем көрсеткен дәрігерлер 19 жасар жас әншінің үстінде 6 жеңіл жейде, 4 жемпір, 1 пиджак, 3 шалбар мен 2 шорты және 2 бас киім болғанын мәлімдеді.

Дереккөзі: 24.kz
Теги: Главная
Все новости