|    |  
23 қаңтар 2020
15:51
Жас жігіт ит талап жатқан баланы құтқарып қалған
24 желтоқсан 2019, 18:10 72
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында көшеде кішкентай баланы ит талаған. Баланы иттің аузынан 20 жастағы жүргінші жігіт құтқарып қалған. Оқиға бақылау камерасына түсіп қалған.


 
 
Жігіт баланы иттің аузынан жұлып алып, көшедегі көліктің үстіне отырғызған. Содан кейін өзі де мініп алған. Себебі ит баладан қалмай қойған.
 
 Осы оқиғадан кейін жігіттің қолы мен мойнын тігуге тура келген. Иттің иесі әлі табылған жоқ. Баланың күтушісі иттің күтпеген жерден шабуыл жасағанын айтады.

Дереккөз: Dailymail
Все новости