|    |  
24 наурыз 2019
12:03
Жасағыңыз келмейтін істі қалай бастауға болады?
04 желтоқсан 2018, 10:25 3
Кейде атқаратын ісіңіз көп болса да мойныңыз жар бермей, сол істі бастай алмай қоясыз ба? Мұндай жағдайда не істеу керек? Біз бірнеше әдісті ұсынамыз.


 
Жоспарлаңыз

Әр күн сайын таңертең жоспар құрыңыз. Күні бойы істейтін істеріңізді жазып алыңыз.
 
Назарыңызды салыңыз

Немқұрайдылық пен бейқамдықтан арылу үшін бар назарыңызды жоспарлаған іске салыңыз. Жоспардағы істерді бірінен кейін бірін орындаңыз.

Ең маңыздысын таңдаңыз

Ұсақ-түйек іспен уақытыңызды кетірмей, ішіндегі ең маңыздыларын айқындаңыз.
 
Перфекционизмнен бас тартыңыз

Перфекционистердің ешқашан өзіне не еңбегіне көңілі толмайды. Олар кішкентай істердің өзіне көп күш жұмсайды. Ал кез келген түймедей қатені түйедей көреді.

Демалыңыз

Күшіңізді қайта қалпына келтіру үшін демалып отыру қажет. Әр сағат сайын бес минут бой жазуды әдетке айналдырыңыз. Жұмыстан кейін толыққанды демалыс қажет.
 
Дереккөз: Сегодня
Все новости