|    |  
23 қыркүйек 2019
11:55
​Жасөспірім көлден 27 жыл бұрын көз жұмған әйелді кездейсоқ тауып алған
10 қыркүйек 2019, 16:17 131
Канадада 13 жастағы жасөспірім Макс Веренка демалып жүріп, көлге батқан көлікті көрген. Содан кейін полицияға хабарласқан.


 
Құқық қорғаушылар оқиға орнына 21 тамызда келген, бірақ жарқырап тұрған күннен ешқандай көлікті байқай алмаған. Сол кезде жасөспірім су астына сүңгіп, машинаны суретке түсіріп әкелген. Содан кейін полиция мен көшіру қызметі Honda Accord көлігін су астына алып шыққан. Салоннан 70 жастағы Джанет Фарристің мәйіті табылған. Ол 1992 жылдың күзінде жоғалып кеткен.
Машина жол жиегінде келе жатып, көлге құлап кеткен болуы мүмкін.
 


Дереккөз: Сегодня
Все новости