|    |  
25 наурыз 2019
06:34
Жаттығуды музыка тыңдап жасаңыз
05 желтоқсан 2018, 09:13 4


Спортпен айналысып жатқанда музыка тыңдаудың мүлде зияны жоқ. Ол біздің тек көңіл-күйімізді көтеріп қана қоймайды, сонымен қатар жақсы нәтиже көрсетуіміздің кепілі.

Егер сіз тенниспен, волейболмен, не баскетболмен айналысып жатсаңыз, мұндай кезде ритмикалық тез ойнайтын әуендерді қосып қойыңыз.

Егер сіз жүгіру алаңынан су ішуге не басқа да себеппен орындық жаққа келе қалсаңыз, онда жай темппен айтылатын музыка қоса салыңыз. Мұндай әуендер шыдамдылықты арттырады. Айтпақшы, соңғы кездері көптеген марафондарда жүгіру кезінде осындай әуендер қосулы тұратын болған. Тіпті Лондонда өтетін Run to the Beat жартылай марафоны да музыкасыз өтпейді. Сондықтан жүгірер алдында плеерді дайындап алыңыз.

Музыка тыңдап жүрсеңіз, шаршағаныңызды онша сезе қоймайсыз.

Ғалымдардың дәлелдеуінше, жаттығу кезінде музыка тыңдау сіздің шаршағаныңызды 10 пайызға болса да азайтады. Жаттығу кезінде көңілді музыка тыңдаған жөн. Әйткенмен тез айтылатын әуендерді көп тыңдаудың да қажеті жоқ.

Біз спортпен айналысу кезінде көп күш жұмсаймыз да, жаттығып болдым-ау деген кезде тез шаршап қаламыз. Ал музыкамен бірге жаттықсаңыз мұндай қиындыққа төтеп бере аларыңызға кепілдік береміз. Өйткені әуенмен ілесіп жасаған жаттығу бізге онша ауыр сезіле қоймайды. Сондықтан жаттығу кезінде музыка тыңдаудан ешқашан да бас тартпаңыз!

Дереккөзі: "ПТ" топтамасынан 
Все новости