|    |  
18 қазан 2019
16:23
Жаттықтырушы: Сәпиев пен Головкинді жарысқа жіберу үшін ақалтеке атты сығандарға саттым
20 қыркүйек 2019, 15:23 322
Бүгін де Геннадий Головкин мен Серік Сәпиевті әлем таниды. Бірақ олардың жетістікке жетудегі жолдары оңай болмаған Бұл туралы олардың бұрынғы жаттықтырушылары, Қарағанды облысының Бокс федерациясының бұрынғы президенті Қанат Оспанов mix.tn.kz басылымына берген сұхбатында айтқан. 2005 жылы ол Қарағанды облысының Бокс мектебінің директоры болып тағайындалған.


 
«2002-2005 жылдар Қарағанды спорты үшін қиын жылдар болды. Бүкіл облысқа бар жоғы үш миллион теңге бөлінген. Серік Елеуовті, Геннадий Головкинді, Серік Сәпиевті жарысқа жіберуге ақша болмады. Сол кезде мен қоғамнан көмек сұрадым. Компаниясы бар бұрынғы спортшылар, түрлі мекемелер көмектесті. Бірақ бұл жеипеді. Сол 2005 жылы менің спортшы шәкірттерім маған асыл тұқымды жылқы сыйлады. Соны сатуыма тура келді. Оны жылқыны жақсы танитын сыған азаматы 15 мың долларға сатып алды. Ол кезде бұл өте қомақты ақша еді. Кейін мұндай аттың одан әлдеқайда қымбат тұратынын білдім. Бірақ әрі қарай оны ойлап жатпадым.  Ол ақшаны мен Серік Елеуовті, Геннадий Голокинді, Серік Сәпиевті 2005 жылдың қарашасында Қытайда өткен әлем чемпионатына жіберуге жұмсадым. Бұл оқиғаны мен бұрын ешкімге айтқан емеспін»-дейді Қанат Оспанов.
Все новости