|    |  
10 желтоқсан 2018
02:42
Жазғы дәрі-дәрмек қобдишасы: балалармен демалыста өзіңізбен бірге не алу қажет
28 маусым, 17:45 79
Балалармен демалғанды көзге елестете қалсаңыз, олармен серуендеу, суда жүзу, кештің батуын тамашалау көз алдыңызға келетіні шындық. Біздің жоспарымызға жарақат алу, қандай да бір сырқат кірмейтіні де белгілі. Демалысқа дұрыс жиналып, қажетті дәрі-дәрмек қобдишасын  ала шығуды балалар дәрігері, «Бала денсаулығын қалай сақтау қажет» кітабының авторы Анна Левадная ұсынады, өз білгенімен бөліседі.
 


Демалыстағы дәрі-дәрмек қобдишасының қулығы

Егер сіз балаларды джунглиге емес, белгілі бір медициналық қызмет көрсету пункті бар жерге апарсаңыз, өзіңізбен бірге дәрі-дәрмек қобдишасын ала кеткеніңіз жеткілікті. Ол жол сөмкеңізде көп орын алмайды, есесіне оқыс жағдайлар кезінде қол жетімді жерде болып, пайдасы тиеді. Өзіңізбен бірге бар болғаны мына заттарды ала шыққан жөн:

1. Ауыратын балаларыңыз болса, қажетті дәрі-дәрмегін алыңыз.
2. Ыстықты басатын (құрамында парацетамол немесе ибупрофен болуы тиіс).
3. Антигистаминді препараттар (мәселен, «Супрастин», «Фенистил», «Зиртек») – шағып алулар кезінде немесе жидел аллергиялық реакциялар туындаған кезде пайдаланасыз.
4. Электролитті ерітінді («Гидровит», «Регидрон», физраствор) – ішек инфекциялары кезінде пайдаланылады.
5. Жараны емдеу үшін («Октенисепт», «Мирамистин», «Хлоргексидин» антисептиктері), сонымен қатар бактерияға қарсы жақпа майларды да алуға болады («Агросульфан», «Левомеколь»), пластырлер, дәке, майлықтар да артық етпейді.
6. Қабынуға қарсы көз тамшылары («Тобрадекс» немесе левомицетинді көз тамшылары) конъюнктивит немесе көз жарақаттары кезінде пайдаланылады.
7. Кішкентай баланың мұрнынан ағып тұрса, болмаса ұшақта ұшу керек болса, түнде мұрыны бітелуі салдарынан дұрыс ұйықтай алмаса, тамырларды тарылтатын тамшыларды өзіңізбен бірге ала жүріңіз.
8. Шприц немесе пипетка – болмашы нәрсе, алайда ол да керек кездері болады, мәселен көзді немесе жарақатты жуу үшін.

Басқа аурулар дәрі-дәрмекке мұқтаж емес, болмаса дәрігердің араласуын қажет етеді.

Жәндіктерден қорғану: қалай дұрыс таңдап, қалай дұрыс қолдану керек



Репелленттер – бұл масалардың, соналардың, шіркейлердің, кенелердің шабуылынан адамдарды қорғауға арналған құралдар. Олар химиялық және табиғи боладыы. Химиялық репелленттердің шамамен 2-3-еуі Ресейде қолдануға рұқсат берілген. Олардың ересектерге де, балаларға да арналған нұсқасы бар. айырмашылығы әсер ететін заттарында ғана: ДЭТА немесе диэтилтолуамид – әдетте 6-8%, ал ДМФ (диметилфталат) – 10%  аспайды.

Маңызды ереже:

1.  Жәндіктерден қорғануға арналған құралдарды жарақат немесе жара жанына, көз, құлақ, ауыз тұсына шашпаңыз. Ең дұрысы оны ашық ауада жаққан жөн.
2. Құралды киімнің астына жақпаңыз, азық-түлік жанында шашпаңыз. Шашқаннан кейін қолыңызды жуыңыз.
3. Репеллентті пайдаланғаннан кейін жуыңыз және жәндіктерге қарсы құрал жағылған киімді қайтадан кимеңіз.
4. ДЭТА суда ерімейді, сондықтан бала су болып қалған кезде оны қайтадан жаңартудың қажет жоқ.
5. Егер мемлекеттік тіркеу нөмірі цифр және «У» әріпімен (мәселен, «77.99.1.2.У.4818.10.04), көрсетілсе, демек құрал тексеруден өткен және балалар үшін қауіпсіз деген сөзү.Ресейде рұқсат етілген репелленттердің барынша қорғаныс уақыты 4 сағаттан аспайды. Егер көрсетілген уақыты одан көп болса, онда Денсаулық министрлігі мақұлдамаған құрал.
6.  Химиялық репелленттердің басым бөлігін 2,3 жастағы балаларға қолдануға болады. Құрамы барлық жерде бірдей, артық төлем жасаудың қажеті жоқ.
7. 2-3 жастағы балалар үшін механикалық қорғаныс (тор) пен өсімдік репелленттері (спрей, жақпа, браслет, наклейка) рұқсат етілген. Олардың тиімділігі біршама және және ұзақ уақыт әрекет етпейді. Дегенмен уланып қалмайсың.
8. Сонымен қатар химиялық репелленттердің орнына иісі жәндіктерді үркітетін табиғи құралдарды да пайдалануға болады. Мәселен, эвкалиптің эфир майы, лаванда, насыбайгүл, цитронелла, анис, қалампыр, шырша, жалбыз, даршын және тағы басқалары. Ең қауіпсізі лаванда мен жалбыз. Эфир майымен барынша абай болу қажет. Баланың әрекетіне жіті назар аударыңыз, майды тыныс алу жолдарына жақын жақпаңыз, алдын ала терінің кішкене бөлігіне жағып тексеріңіз.

Есте сақтаңыз. Эфир майын теріге креммен ғана жағады. Онсыз күннің астына баланың терісінде күйік пайда болуы мүмкін.



Күнге күюге қарсы құралдар: тиімді әрі қауіпсізін таңдаймыз.

Ең бастысы күннен қорғайтын крем шынымен де баланы күлгін сәулелерден қорғап, оны барынша қауіпсіз жасауы тиіс. «Табиғи» құрам міндетті түрде тиімді емес және барлық уақытта бірдей қауіпсіз болмайды. Өйткені, табиғи және жасанды синтезделген заттар зиянсыз болумен қатар денсаулыққа қауіпті де болуы мүмкін. 

Күннен қорғайтын кремде мыналар болмауы қажет: титан диоксидінің нанбөлшектері мен мырыш оксиді (теріде жинақталып, өзге де сүзгілердің әрекетін өзгертуі, жасушалар мен генетикалық материалдарды бүлдіруі мүмкін);
Оксибензон (күннен қорғайтын сүзгі босап шықан радикалармен фотохимиялық реакция туындатады, қанға араласады, аллергиялық реакция туындатады);
Метилпарабен (консервант, UVB-сәулелермен өзара әрекетке түсіп, терінің қартаюын жеделдетуі мүмкін);
Ретинол (А Дәрумені, УВ-пен әрекеттескен кезде тері бүлдіріп, тері ісігінің дамуын жеделдетеді);
Хош иістендіргіш (фотохимиялық реакция туындатуы мүмкін);
Фотосенсибилизация мен пигментацияны қоздыратын эфир майы
(цитрустық, апельсин, бергамот, мандарин, грейпфрут, лайм, лаванда, розмарин, күріш, дудник, шәй ағашы);
Спирт ингредиенттер тізімінің басында (крем тез кебуі үшін қосылады, спирт тері құрғатып жібереді, сондықтан  атопиктер үшінқұрамның басында тұрғаны дұрыс емес);
Қаламайтын жанама ингредиенттер.
Кремде антиоксиданттар (Е, С дәрмендері, көк шәй экстракті және тб.) мен пантенолдың болғаны жақсы.  Бірақ, әдетте олар өте аз болады және оны күн сәулесі ваннасын алғаннан кейін жеке жаққан дұрыс.

 
Все новости