|    |  
22 қаңтар 2020
19:02
Жазира Қошанова тұрмысқа шықпағанын мәлімдеді
14 қаңтар 2020, 15:44 142
«Қоңыр» тобының бұрынғы әншісі Жазира Қошанова осыдан бірнеше жыл бұрын шетелге кетіп, біраз уақыттан кейін елге қайтып келген болатын. Сол кезде шетелдік жігітке тұрмысқа шыққан әншінің ажырасып келгені жайлы ақпарат тараған. Осы орайда әншінің өзі «Астарлы ақиқат» бағдарламасында қонақта болып, мән-жайды түсіндірді.


 
«Бір жыл көлемінде Малазия елінде болдым. Келген соң журналистер шет елге кетуімді тұрмысқа шығумен байланыстырып жатты. Жеке отбасылық мәселелерге байланысты кеттім. Ол елде жігітім  болғанын жасырмаймын. Оның еш айыбы жоқ шығар. Бір-біріңді жақын танып, отбасын құруға бола ма, болмай ма білген дұрыс деп ойлаймын. "Бір жыл көлемінде телефон арқылы байланысып жүрдік. Кейіннен "Сенің бойың, фигураң бар. Бізде модельдік бизнес дамыған, келіп басқа салада жұмыс жасап көр және екеуміз жақын танысып көрейік" деп ұсыныс айтты. Содан кейін бардым. Елге келгенде журналистердің бірі ажырастырып, бірі қосып жатты. Қазір тұрмыста емеспін. Тұрмысқа шыққан жақсы ғой, бірақ ажырасқаннан Құдай сақтасын. Сөздің шыны керек, әлі етегім көтерілмеген адаммын. Әлеуметтік желілерде "сен анадан қалғансың, сен мынадайсың деп түрлі ұятты сөздер жазады. Сол кісілерге айтарым, адамды танымай жатып, сыртынан балғат сөз айтудың қажеті жоқ»-дейді.

Дереккөз: Reactor

 
Все новости