|    |  
20 қазан 2019
16:10
Желіде БҰҰ саммитіне жалаңаш келген Елшінің фотосын қызу талқылауда
25 мамыр 2017, 16:37 33


Желіде БҰҰ саммитіне Жаңа Гвинеяның Папуа елшісінің «ұлттық киіммен» келген фотосы Желіде қызу талқылану үстінде. Фотоны тележүргізуші әрі журналист Владимир Соловьев Instagram желісінде бөліскен болатын.

Фотодан ресми шараға жалаңаш күйінде келген дипломатты көруге болады. Бұл ретте, оның үстінде басына, қолына таққан аксесуарлардан және ұятты жерін жауып тұрған жануар мүйізінен басқа ешбір киім жоқ екенін анық байқалады.
«Фотода Жаңа Гвинеяның елшісі БҰҰ-да деп жазып жатыр. Бірақ, ресми киім үлгісі мынадай, қолайлы», — деген жазба қалдырған журналист Соловьев фотоның астында.



Фото әлеуметтік желіге жарияланған сәттен бастап оған 12 мыңға жуық адам «ұнайды» белгісін басқан. Сонымен қатар, Желі пайдаланушылары фото кейіпкеріне қатысты түрлі пікірлер жазып қалдыруда. Олардың кейбірі, «Есесіне, ашық адам», «Салмақты еркек екен!!! Бойында жеке адамгершілік қасиеті мол көрінеді!!!» деген пікірлер қалдырса, енді біреулері оның елші емес журналист екенін айтып әзілдеуде. Енді біреулерді оның мойнына тағып алған бейджигіне қарап, әзіл аралас пікірлер қалдыруда.

Фото әдейі арнап түсірілуі мүмкін деп топшылағандар да жетерлік. Кейбіреулер оның өз халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін берік ұстанғанын тілге тиек етуде.


Дереккөзі: шетелдік БАҚ
 
Все новости