|    |  
15 қазан 2019
23:51
Желіде экстремалды фотоларымен мақтанған блогерлердің қулықтары ашылды
07 сәуір 2017, 19:16 46


Әлеуметтік желілерде 2015-2016 жылдары аса қауіпті жағдайларда фотоларымен мақтанған блогерлердің қулықтары әшкереленді, деп хабарлайды Daily Star.

Желі пайдаланушылары фото түсірілген жерлерді тауып, құз басындағы жартастардың тұңғиық шыңырау үстінде емес, өмірге қауіп төндірмейтін шоқы үстінде орналасқанын айтып, пікір бөлісуде.

Фотолар Бразилияның бір-біріне ғашық саяхатшылар жұбы екі жыл бойына Instagram-аккаунттарында жариялаған болатын. Олар кейде бірге, кейде бөлек құз басындағы жартастарда ешқандай сақтандыру белдігінсіз ілініп тұрған күйде түскен фотоларымен көпшілікті таң қалдырған еді.






Алайда, Желі пайдаланушылары бұл фотолар Бразилияда туристерге кеңінен таныс Рио-де-Жанейро жанындағы шоқыдан шығып тұрған жартаста түсірілгенін байқап қалды. Бір қызығы, бұл жерде жартастан ұстап, әуеде салбырап тұрған қалыпта фотоға түсу өмірге ешқандай қауіп төндірмейді, себебі, шоқы басындағы жартас жерге тым жақын. Осының дәлелі ретінде Желіде аталған жердің табиғатын анық көруге болатын фотолар жариялана бастады.

Осылайша, ғашықтар жұбының екі жылдай уақыт бойына Желі пайдаланушыларын алдап, фотоларының астыңғы бөлігін қырқып, фотошоппен редакциялап келген қулықтары әшкере болды.








Айдар ЖАНАЙ
Все новости