|    |  
13 қараша 2019
12:09
Желіде тісті дұрыс тазалау жөнінде дау шықты
17 ақпан 2018, 15:19 51



Американдық ару өзінің Твиттердегі @envyteeee парақшасында қарапайым ғана сұрақ қойды: «Күнделікті тіс тазалар алдында Сіз алдымен тіс щеткасын сулап аласыз ба, әлде оған бірден тіс пастасын жағасыз ба?» Міне, осы қарапайым сұрақ Желі пайдаланушылары арасында қызу талқыланып, арты дауға ұласып жатыр.
 
Жазбаның астындағы пікірлерге қарағанда, адамдардың тіс тазалауға қатысты күнделікті әдеттері әртүріл болып шыққан. Кейбіреулері алдымен тіс щеткасын сулап алады екен. Екінші біреулер оны суламай-ақ бірден тіс пастасын жағып, тісті тазалауға кіріседі екен. Міне, осыдан кейін нағыз дау басталды: алғашқы топтағылар тіс щеткасын алдымен жуып, тазартып алмай қалай пайдалануға болады дейді тазалықты бірінші орынға қоятындар.
 
 
«Тіс щеткасын сулап алмай, оған тіс пастасын жаға салатындар, мүмкін, ыдысқа алдымен сүтті құйып, содан кейін оның үстіне қауыздарды себетіндер шығар, бәлкім».
Пікір жазып қалдырғандар арасында тіс тазалау процесінде мұндай тәртіпті үнемі өзгертіп отыратын жандар да кездеседі. Олардың арасында, тіпті, тіс щеткасын мүлдем пайдаланбайтындар да бар екен.

Ал, Сіз ше? Күнделікті тіс тазалар алдында Сіз алдымен тіс щеткасын сулап аласыз ба, әлде оған бірден тіс пастасын жағасыз ба?

Дереккөзі: https://lenta.ru
 
Все новости