|    |  
15 қараша 2018
09:08
Жер бетінде өндірілген тағамдардың 30% -50% ысырап болып жатыр
16 қазан, 10:50 946
Жер бетінде жылына 2 млрд тонна өсірілген және өндірілген тағамдардың 30% -50% ысырап болып жатыр, — дейді ВВС келтірген тәжірибеде британдық инженер-механиктер қоғамының зерттеушілері.



АҚШ пен Еуропада сатып алынған тағамның жартысы күл-қоқысқа лақтырылады екен. Баяндамаға сәйкес, тағамның жарамсыздығына мына факторлар себеп: егінді дұрыс жинамау, сақталу ережесінің бұзылуы, бұзылған тағамдарды сатуды қатаң бақылау мен тұтынушылардың ысырапшылығы. Мәселен, Ұлыбританияда көкөністердің 30 пайызға жуығы сыртқы келбетінің нашарлығынан жарамсыз боп, іріп-шіріп кетеді екен. Аталмыш мәліметті жариялаған авторлар бұл жағдайға қатты алаңдаулы. Өйткені БҰҰ болжауынша, 2075 жылға қарай жер бетіндегі халық саны үш млрд-қа жетсе, ас – адамның арқауы демекші, ішіп-жеп отырған асымызға саналы қарағанымыз абзал.

Дереккөзі: http://7sunews.kz
Все новости