|    |  
19 қараша 2018
16:21
Жерде тұщы су қоры таусылуға жақын-ғалымдар
19 маусым, 09:24 1304
Ғалымдар Жероде тұщы су қорлары азайып отырғанын айтып, дабыл қағуда. NASA ғарыш агенттігінің мамандары спутник суреттерін сараптап, осындай қорытындыға келді, деп хабарлады  www.24.kz.


Олардың мәлімдеуінше, алдағы 1 ғасырдың ішінде көптеген елдер тұщы сусыз қалады. Себебі қазірдің өзінде ғаламшардағы тіршілік нәрінің қорлары таусылып барады. Бұған жаһандық жылыну мен көмірқышқыл газының жоғары деңгейде шоғырлануы себеп болған. Мамандардың айтуынша, қуаңшылықтан ең бірінші болып, Непал, Кавказ және Үндістанның солтүстігі зардап шегеді. Сондай-ақ АҚШ-тың оңтүстігіндегі штаттар мен Бельгия, Нидерланд та cуға зәру болады.  Ал Еуропа елдері, Ресейдің Шығыс Сібірі мен Таяу Шығысына әзірге мұндай қауіп төнген жоқ.
 
Теги: Главная
Все новости