|    |  
24 наурыз 2019
17:55
Жетістікке жету мотивациясы
16 қаңтар 2019, 17:22 7


Күнделікті өмірімізде жетістік, жетістікке жеткен адам кім? деген сұрақты өзімізге қоямыз. Жетістікке барлық адамдар болмаса да көпшілігі жеткісі келеді. Жетістікке жету туралы Шығыс және Батыс мәдениетінде әр түрлі түсініктер қалыптасқан.
Батыс мәдениетінде – бұл мақсатқа жету мәдениеті, адам іс әрекет жасау керек, яғни ертеңгі жаңа асуларды алу үшін сен дәл қазір іс әрекет жасау керексің дегені. Мақсатқа жету дегеніміз құмарлық, жеңіске жетіп жаңа асуларды алуға деген құлшыныс, оның рахатына бөлену.
Нағыз жетістікке жеткен адамның өмірін құрайтындар осы. «Жетер, күттік – енді қимылдау керек!» деген оның, яғни жетістікке жеткісі келетін адамның ұраны осындай. Бұл жетістіктің басқа да жағы бар екенін біз жақсы біліп алуымыз керек, үнемі жан таласқа түсіп, іс әрекетіміздің «бітпейтін әрекетке» айналуы адамға көптеген зардап шектіруі мүмкін.
Тұлғаның дамуы барлық сфераларда толығымен үйлесімділік табуы қажет. Ішкі бастаулар сыртқы дамуды анықтайды, тартады. Жетістікке жету неден басталады? Әлемдегі ең атақты бизнесмен, миллиардер Уоррен Баффеттің ережелеріне сүйенсек, ең бірінші тұлғаның өзінен басталады. Яғни, өз-өзіңді өзгертуден, жетілдіруден.
Нағыз шынай байлық – бұл біздің талантымыз, осы талантымызды дамытуға деген қабілеттіліктеріміз. Олар біздің ішкі жан дүниемізде жатыр, олар әруақытта дамиды, көрінеді. Бұл байлығымыз толығымен дамуы және көрінуі үшін ішкі жан дүниеміздегі ұмтылыстар мен ниет, тілегімізбен үйлесімді түрде дамуы керек. Тілек, ниетіміз іштей қарама - қайшылықта, ойымыз басқа, ал ішкі ұмтылыстарымыз тіптен басқа болуына жол бермеу керек. Жетістікке жету – тұлғаның өмірдегі үйлесімді дамуы болып табылады.Тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерін оңтайландырудың басты жағдайы – белсенділік белгілі бір іс-әрекет түріне бағыттылық.
Оқушылардыңтердің психологиялық мүмкіндіктері (16-20 жас аралығы):
1 ақыл-ойының, адами қарым-қатынасының жетілуі;
2 көзі ашық, дүниетанымы қалыптасқан;
3 жаңаны сезіну – батылдық, шешімділік;
4 дербестілік,тік мінезділік;
5 сыншылдық, өз-өзіне сын көзбен қарау;
6 таным мен интеллектуалды мүмкіндіктердің шыңырау шегі;
7 мақсаттылық, шешімділік, табандылық, бастамашылдық;
8 жауапты шешімдерді қабылдау: мамандықты таңдау және меңгеру;
9 өмір сүру стилі мен орнын таңдау;
10 өмірлік жарын таңдау, өз жанұясын құру, белсенділік;
11 сәйкестік кризисі: әлеуметтік және индивидуалды тұлғалық таңдаулар мен өзіндік анықтаудың пайда болуы;
12 профессионалды ойлау мен профессионалды құзыреттің қалыптасуының ең тиімді кезеңі;
13 мінез-құлық, интеллект, бағалы бағдарлардың қалыптасуының ортаңғы кезеңі.
Жетістікке жеткен адамға» тән он қасиет
1 «Жетістікке жеткен адам» барлық мүмкіндіктерді қарастырады, ал жетістікке жеткісі келмейтіндер түрлі сылтаулар ойлап табады
2 «Жетістікке жеткен адам» іс әрекет жасайды, жетістікке жіткісі келмейтіндер бүгінгі істі ертеңге қалдырады.
3 «Жетістікке жеткен адам» биіктерге ұмтылады, жетістікке жеткісі келмейтіндер барына қанағат етіп отыра береді.
4 «Жетістікке жеткен адам» алған бетінен қайтпайды, жетістікке жеткісі келмейтіндер бір рет жолы болмай қалса, тауы шағылып қалады, қателік жасап қоям ба деп қорқақтайды, қайтадан ұмтылғысы келмейді.
5 «Жетістікке жеткен адам» жеке өзіндік, өмірлік мотивтері бар, жетістікке жеткісі келмейтіндерге мотивацияны ойлап табу керек.
6 «Жетістікке жеткен адам» тәуекелшіл, тәуекелге бара алады, жетістікке жеткісі келмейтіндер тәуекелге баруға қорқады.
7 «Жетістікке жеткен адам» шыдамды, толерантты, өз мақсатына ұзақ уақыт болса да жетуге тырысады, жетістікке жеткісі келмейтіндер ол барлығына бірден және тез арада ие болғысы келеді.
8 «Жетістікке жеткен адам» әйтеуір бір өз дегеніме жетемін, алған бетінен қайтпайтын қайсарлық танытса, жетістікке жеткісі келмейтіндер тез тауы шағылатындар.
9 «Жетістікке жеткен адам» өзіне сенеді, барлық адамдарға сенімділікпен қарайды, жетістікке жеткісі келмейтіндер басқа адамдардың сөзіне сенеді.
10 «Жетістікке жеткен адам» асқақ армандарға, биік мақсаттарға ұмтылады, жетістікке жеткісі келмейтіндер ұсақ-түйек мақсаттармен шектеледі.
Жеке адам дамуының бас кезінде адамның физикалық тұрғыда жетілуі ғана емес, сонымен қатар тұлғалық белсенділігі мен интеллектуалдық және моральдық көрсеткіштерінің де жан-жақты дамуымен сипатталады. Оқушылардың тұлғасының қалыптасуына, өз ортасы, оқу орны, оқытушылар мен ата-аналар қарым-қатынасынан туындайтын ішкі және сыртқы жағдайларда үлкен әсерін тигізеді.
Все новости