|    |  
23 тамыз 2019
16:28
​Жігер Ауыпбаев «Меломен» тобынан неге кеткенін айтты
27 маусым 2019, 15:05 123
2016 жылы «Меломен» тобынан кеткен Жігер Ауыпбаев сол күйі топтан не себепті кеткенін айтпай жүрген болатын. «Өнер мен өмір» бағдарламасына берген сұхбатында топтағы жігіттермен аралары не себепті суығанын айтып берді.


 
«Топ маған қашан да ыстық. Төртеуміз бірге бастадық. Бір шаңырақта тұрдық. Бірге жүрдік. О баста топты құрған кезде «төртеуіміз біргеміз, ендігі адамдар тек жолдан қосылады» дейтінбіз. Арамызға түскен ақша да емес, адам да емес. Топта жүріп қиналған кездеріміз болды. Сол кездері өз басымды ғана емес, топты жиі ойлап жүретінмін. Топ құрамында жүргенде менің жеке әндерім шыға бастады. Мені киноға шақыра бастады. Сондай кездері мен жігіттердің алдынан өтіп, рұқсаттарын сұрап баратынмын. Той-томалаққа барған жерлерімізде менің әнімді сұрап жататындар болды. Жігіттер рұқсаттарын берсе де, осы нәрселердің бәрі оларға ауыр тиді ғой деймін»-дейді әнші.


 
Все новости