|    |  
25 ақпан 2020
09:45
Жігіт сүйіктісінің мұрнын тістеп, жұлып алған
13 қаңтар 2020, 15:24 256
Жігіт сүйіктісінің мұрынын тістеп, жұлып алған. Элиссон есімді бойжеткен бұған дейін ажырасып кеткен жігіті Никті кешіріп, екінші мүмкіндік берген көрінеді. Татуласқан ғашықтар клубқа барып көңіл көтерген. Бірақ клубқа барғаннан кейін жігіті бейәдеп қылықтар көрсете бастаған. Ал үйге келген соң бойжеткеннің мұрнын тістеп, бір бөлшегін жұлып алған. 



Қыздың айтуынша жігіті оның жалғыз саяхатқа шығуына қарсы болған. Бойжеткенді ваннаға қуып тығып, сол жерде шабуыл жасаған. Мұрны зақымдалған қыз қашып шығып, көршілерінен көмек сұраған. Олар жедел жәрдем мен полицияны шақырған. 

Жігіт бұған дейін қыздың иығын тістеп, тыртық қалдырған екен. Ол кезде бойжеткен полицияға жазған арызын  қайтып алған. Ал енді бұл жолы жігіт сот алдында жауап бермек. 

Жұлып алған мұрынның ұшы сол күйі табылмаған. Жігіт не оны унитазға тастаған не жұтып қойған. 



Дереккөз: Life
Все новости