|    |  
21 наурыз 2019
06:39
Жігітінің көзіне шөп салғанын білген қыз оны бүкіл әлемге масқаралаған
27 желтоқсан 2018, 12:55 1
Хьюстонда тұратын Тиана Переа жігітінің өзге қызға махаббат хаттарын жібергені туралы біліп қойған. Бірақ бойжеткен жігітімен ұрыспай, оның орнына басқаша кек алуға шешім қабылдаған.


 
Бойжеткен өзінің 22 жасқа толған туған күнін күтіп, қонақтарды жинаған. Барлық қонақтар бокал көтерген. Сол сәтте қыздың жігіті қасында тұрған. Бойжеткен сол кезде келген қонақтарға рахмет айтып, жігіті Сантосқа қарап: «Мен Сантосқа менің одан да жақсы адамға лайық екенімді түсіндіргені үшін рахмет айтқым келеді. Сенің басқа қызбен көңіл көтермек болғаныңды осы жердегі әр адам біледі»-деген.
 
Тиана жігіттің эротикалық мазмұндағы хаттарының скриншотын бәрі көргенін айтқан. Осы кезед қыздың ағасы Сантостың заттары салынған сөмкені алып келген. Ал қыз жігітіне шығатын есікті көрсеткен. Бұндайды күтпеген жігіт үндеместен шығып кете барған. Ал бұл оқиғаның видеосын бойжеткен кейін желіге жүктеген.



Дереккөз: Сегодня
Все новости