|    |  
18 қараша 2019
19:05
Жігіттер жайлы 9 құпия
31 қазан 2019, 15:50 102
Кішкентай кезімізде жігіттерді дөрекі және қыздарды келеке еткеннен басқа ештеңе білмейтін тасжүректер деп ойлайтынбыз. Олардың да сезімге берілетінін, жауапсыз махаббаттан қайғыратынын және үмітсіздіктен күйзеліске түсетінін білген бе едік? Қазір, уақыт өте келе олар жайлы біраз құпия ашылды. Олар да қыздар сияқты сезімтал екен...



Жігіттер құшақтасқанды жақсы көреді

Көптеген жігіт құшақтасқанды жақсы көреді. Ренжіскенде құшағыңа алсаң, ашуынан қайтуы да тез болады. Бұл жағымды әрекет оларға ананың жылулығын сыйлайды.

Жігіттер әңгімеге ашық

Таңды әңгімемен атыратын қыздар ғана емес, кейде жігіттер де тым әңгімешіл екенін байқаймыз. Олар көпке байқалмайтын дүниені байқап, пікірталас жүргізуде алдарына жан салмайды. Алайда олар көбіне драмалаудан аулақ және егер жігітің сен жамандаған адамды жақтамаса, ренжудің қажеті жоқ. Олар көбіне әділ шешімін айтуға әуес.

Қалай әсер етсем деп уайымдайды

Жігіттер сырт келбеті жайлы көп ойланбайтын сияқты. Алайда, бұл қате пікір. Олар да бетіне шыққан безеуді, жағымсыз иіс пен киімінің жарасатын-жараспайтынын уайымдайды. Бұл әсіресе қызбен кездесу алдында үлкен мәселеге айналады. Ерлерге арналған косметикалық құралдардың көбеюі де осыдан.

Олардың хабарламасына не үшін жауап бермей жатқанымызды уайымдайды

Егер жігіт сені ұнатып жүрген болса, оның әлеуметтік желідегі немесе смс хабарламасына неге жауап жазбағаныңды уайымдайды. Тіпті бұл мәселені достарына айтып, кеңес сұрауы да мүмкін.

Жігіттердің де қас досы бар

Өтірік дос болу қыздардың ғана қолынан келеді десең, қателесесің. Жігіттер достыққа келгенде әрдайым шынайы болғанымен, кейде қастарымен достасуына тура келеді. Бұған өмірегі түрлі жағдайлар мен оқиғалар түрткі болуы мүмкін.

Оларға да жылаңқы телехикаялар мен фильмдер ұнайды

Көптеген қыздар жігіттердің романтикалық фильмдерді жек көретініне сенімді. Алайда, тәжірибе көрсеткендей ең романтикалық саналатын корей телехикаяларын жігіттер де сүйсіне көреді, әрі корей қыздарының сүйкімділігіне тамсанады. Корей жігіттерінің бейнесін өздеріне көшіріп алып жүргендерін де көрдік.

Жігіттер де ұзақ жиналады

Бір жерге барарда жігіттің есіне душқа түсуі керек екені, киімінің үтіктелмегені есіне түседі. Ал мұндай жағдайда 5 минутта жиналу мүмкін бе? Ал егер қызбен кездесуге баратын болса, аяқ киімді тазалаудың өзіне 20 минут жұмсауы мүмкін.

Жігіттер сені әлеуметтік желіде бақылайды

Жігіттердің көбі ұнататын қызының немесе бұрынғы қызының әлеуметтік желідегі парақшасын бақылауда ұстайды. Сондықтан оның бойында аяныш тудырмас үшін әрдайым бақытты сәттеріңді ғана жарияла.

Олар да қызбен айрылысқаннан кейін қайғырады

Жігіт ұнатқан қызымен айрылысқанда қатты қайғырады. Кейде тіпті қыздан арман жабығып кетеді. Жүрегі жараланған жігіттің қалпына келуі ұзақ әрі баяу. Мұндай кезде олар көбіне үйден шықпай, компьютер алдында отыра беруді жөн көреді. Сондықтан айрылысқан соң жігіттер бәрін тез ұмытады деп, қателеспеңіз. Оларда да сезім бар!

Дереккөз: Reactor
Все новости