|    |  
13 қараша 2019
12:03
Жігіттерді ішіне кірпі салынған кеудеше киіп жүгіруге мәжбүрлеген
21 ақпан 2018, 10:48 47


Қызықты жарнамалық ролик Желіде тез арада вирусқа айналды.
 
Желіде жапондықтар ұсынған спорттық кеудешенің жарнамалық ролигі кеңінен таралуда, онда әйелдердің кеудесін кішкентай жануарлар мен құстарға теңестіреді. 

Роликті әзірлеушілер спортшы қыздар үшін кеудешені қалай дұрыс таңдау керектігіне назар аударуды қалаған. Көрнекілік үшін олар кеудешелерге шағын денелі жануарларды орналастырып, жігіттерге кигізген.

Бірінші өлшемді кеудені тотықұстармен, екінші өлшемді – теңіз шошқасымен, үшінші өлшемді – кірпілермен салыстырған. Осыдан кейін жарнама түсірушілер белсенді жаттығу кезінде кеудешенің кеудені қалай ұстап тұруға көмектесетінін көрсетуге тырысқан.







Жігіттер жүгіріп, секіріп, бокстасып, теннис және волейбол ойнап көруге тырысқан. Видеоны баяулатып қараған кезде кеудеше ішіне орналастырылған жануарлардың қалай қозғалатынын, теңселетінін анық көруге болады. Ал кеудешені дұрыс таңдаған жағдайда мұндай қозғалыстар болмауы тиіс.

Желі пайдаланушыларын жарнама түсірген кезде авторлар мен жануарлардың құқықтарын қорғаушылар арасында келіспеушілік болған-болмағаны қызықтыруда. 





 


Дереккөзі: www.segodnya.ua
Все новости