|    |  
23 қазан 2019
13:07
Жол апатынан "қайтыс" болған ер адам үйіне қайтып оралған
11 қазан 2019, 11:47 115


Жол апатынан "қайтыс" болған ер адам үйіне қайтып оралған.

Аталмыш жан түршігерлік оқиға Индонезия елінде орын алған екен.

Шығыс Ява қаласында орын алған апат салдарынан мотоцикл жүргізушісі көз жұмған екен. Алайда жүргізушінің куәлігі болмаған соң жергілікті полиция бақилық болған ер адамды мотоцикл иесі деп кесіп, мәйітті үйіне апарған екен.

Алайда жерлеу рәсімінен соң Сунарто есімді 40 жастағы ер адам үйіне оралған. 

Ұзамай ер адам әріптесінен қарызға ақша алып, кепіл ретінде мотоциклін бергені анықталады. Бақилық болған адам сол қарыхз беруші болып шыққан. 

Дереккөзі: AsiaOne.
Все новости