|    |  
26 маусым 2019
23:19
Жөтел мен суық тигенге қарсы қолданылатын дәрілердің бәрі пайдалы ма?
03 маусым 2019, 10:56 100
Микроптардың тез таралатын мезгілі де жетті. Сол себептен балаңыз мектептен жөтеліп немесе мұрны бітеліп, тұмау тидіріп қайтуы әбден мүмкін. Мұндай жағдайда қандай дәрілерді пайдаланған дұрыс? 



Foxnews жаңалықтарына сәйкес, мұның алдын алу шараларының ең біріншісі – суық тигенде және жөтелге қарсы дәрілерді беру. 

New York City’дегі Lenox Hill ауруханасы Жедел сауықтыру бөлімінің қызметкері Доктор Тамара Р. Куиттенин осы дәрілердің пайдасымен қоса зиянды екендігін жайып салды. Балаларға беретін жөтелге және суықты шығаруға қарсы дәрілерді ішудің ешқандай көмегі болмайтынын, тіпті мұрынның бітелуіне де пайдасының жоқ екенін айтқан Куиттенин балалардың анатомиясы әртүрлі болатындығы себепті қауіптің де зор екендігін білдірді. 

Америка Педиатрия Академиясының тұжырымдамаларына сүйенсек, нұсқаулықсыз алынған жөтел және суыққа қарсы сироптардың адам өміріне қауіптілігі себебімен қызылшақа нәрестелерге және 2 жастан кішкентай балаларға бермеу керек. Сондай-ақ, көптеген зерттеулер нәтижесінде, жөтел мен суық тигенге қарсы дәрілердің 6 жастан кішкентай балаларға беруге жарамайтынын және потенциалды қаупі бар екендігін көрсетеді. Балаларымызға беретін жөтел мен суық тигенге қарсы берілетін дәрілердің қатарынан мынадар табылады: 

Хлорфенирамин: Антигистамин тобындағы бұл дәрі, негізінде аллергия, қызу көтерілу мен суық тию себебінен көз қышып, суланғанда, түшкіргенде және мұрыннан әлсін-әлсін су кеткенде пайдаланылады. 

Декстрометорфан: Суық тигенде немесе тұмаудан пайда болған жөтелге қарсы қолданылады, бұл жөтелге қарсы препараттар тобына жатады. Бұл дәрі Америка Денсаулық Институты зерттеулері бойынша тек қана жөтелді азайтады, ал жөтелге себеп болған сырқатты жоймайды әрі тез жазылып кетуге де көмегі тимейді. 

Ацетаминофен: Парацетамол өндіретін анальгетикалық дәрі ауруды тоқтататын әрі қызу түсіретін дәрі. Әсіресе тамақ ауырғанда, ангина болғанда қолданылады. 

Фенилэфрин: суық тигеннен, аллергиядан және қызу көтерілгеннен кейін мұрыннан үздіксіз су аққан жағдайда қолданылады. Сонымен бірге мұрынның бітеліп қалуына да қарсы пайдаланады. Бұл дәрі де аурудың себебі болған жерді толықтай жазбайды. 

Доктор Куиттенин тек қана екі сироптың 6 жасқа дейінгі балаларға беруге болатынын айтты: балаларға арналған ацетаменофен мен ибупрофен. Осы екеуін дұрыс қолданған жағдайда қызу көтерілу мен тұмаудың алдын алуға көмекші болатынын айтқан Куиттенин, ацетаменофенді сироп түрінде 4 сағатта бір рет, ибупрофенді әрбір 6 сағат сайын балаңызға ішкізуге кеңес береді. 

Доктор Куиттенин, сироптарды доза мөлшерінен артық беріп қоймас үшін шприц пайдалануды ұсынады.

Дереккөз: Reactor
Все новости