|    |  
21 ақпан 2020
00:09
Жүгері консервісінен құстың басы шықты
18 қыркүйек 2017, 17:16 96



Украинаның Луган облысында дүкеннен сатып алынған жүгері құтысынан кептердің басы шықты. «Олжаны» кешкі тамағын ішпек болған студент қыз тауып алған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Бойжеткеннің айтуынша, ол сыртында «Белгород көкөністері» деп жазылған этикеткасы бар консервіні ашқан. Құтының ішінде жүгерімен қоса кептердің басы болыпты. Сөйтіп бойжеткен ашылған құтыны суретке түсіріп, әлеуметтік желілерде таратқан, деп хабарлайды Mash арнасы.



«Барлығы партияда 182 мың консерві бар. Құстың басы жатқан тұздық кез келген құтыда болуы мүмкін еді. Барлық партия Қазақсан мен Луган облысының сауда желілеріне жеткізілді. Өндіруші консервілерді кері қайтарып алмайтын болды, тек дүкендердегі сөрелерден құтыларды іріктеп таңдап, құстың бар-жоғын тексеруге уәде етті», - делінген бейнероликте.

Ал жеткізуші жүгері құтысына кептердің басы қалай түскенін анықтауға уәде берді. «Белгород сүт өнімдері» ААҚ қызметкерлері мұның технологиялық жағынан мүмкін емес екенін айтып түсіндірді.




«Жүгері собықтары бастапқы өңдеу цехында өңделеді, дәндері алынады, жуып-тазартылады,содан кейін бір-бірден өткізіледі. Өндіріс жабық түрде өтеді, кептердің басы қалай да көрінер еді», - дейді кәсіпорын зертханасының меңгерушісі Оксана Зайцева.


 


Дереккөзі: http://Baq.kz
 
Все новости