|    |  
16 қазан 2019
22:01
Жұлдыз Өмірғали екі әйел алу мәселесіне қатысты жауап берді
21 қараша 2017, 15:56 53
Біраз уақыттан бері басы даудан арылмай қойған Жұлдыз Өмірғали жұрт көзінен таса жүрген болатын. Көптен бергі үзілістен кейін бүгін «Ревю» бағдарламасына сұхбат беріп, өзіне қойылған біраз сұрақтарға жауап берді.



Әнші «КешYou» тобынан кеткеннен кейін не істерін білмей өз-өзін жоғалтып алған көрінеді. Қазір шығармашылық демалыста.
«Алматыда бар - бар болып жүрміз. Біраз уақыт демалыс алдым. Топта жұмыс істеген кезде бәрі өз уақытымен болатын, дайын нәрсеге үйреніп қалыппын. Жеке шыққан соң сасқалақтап қалдым. Мейлі ол әнге қатысты болсын, бейнебаян болсын. Қазір өзімді жинақтап, қандай ән, қандай бейнебаян түсіремін деп ойлап жүрмін»-деген әнші екі әйел алуға қатысты сұраққа да жауап берген.

Себебі соңғы кездері Жұлдыз Айқын Төлепбергенге тоқал болып, ұл туып берді деген ақпарат желдей ескен еді.

«Екі әйелді алады ма, алып үлгермей ме ол жағын білмеймін.  Екі әйел алуға келгенде  біз араб елі емеспіз. Мұсылман елі болсақ та, біздің елде екінші әйел болу қабылдамайды. Instagram желісінде елдің бәрі анық - қанығын білмей жаман пікірлер жазады, мен оған үйреніп те қалдым. Бірақ бір ашуыма тиген уақытта ол адамдарға жауап қайтарамын. Бәріміз пендеміз, ертеңгі өміріміз қандай болатынына кепіл бере алмаймыз. "Мен мынандай болмаймын, менің басымнан мынау өтпейді" деп айта алмаймыз. Себебі ертеңгі өміріңде қандай бұрылыс болатынын сен өзің білмей қаласың» - дейді Жұлдыз Өмірғали.


 
Дереккөз: Reactor
 
Все новости