|    |  
15 желтоқсан 2019
20:14
Жұлдыз жорамал: 11 сәуір
11 сәуір 2019, 09:25 199


Тоқты

Бүгін өткен кез келген кездесу тек әдемі естеліктерімен есте қалары сөзсіз. Өйткені алдыңызға қойған мақсаттарға жетіп, атқарған шаруаңыздың нәтижесін көресіз. Дегенмен осы уақыт аралығында қандай да бір күрделі мәселелерге бас қатырудан аулақ болғаныңыз абзал.

Торпақ

Торпақ жұлдызымен туған жандар үшін бұл күн құдды бір мерекедей өтері сөзсіз. Болашаққа біраз күш жинап алуыңызға мұндай тамаша күндердің орны ерекше болмақ.

Егіздер

Көптен бері қордаланып қалған мәселелердің мәніне барып, түйінін шешер уақыт келді. Енді оларды кейінге қалдырар мүмкіндік бола қоймасы анық. Сондықтан да алдымен осы шаруаны біржақты қылғаныңыз жөн.

Шаян

Өткен күннің елесімен емес, бүгінмен, болашақпен өмір сүру керек екенін естен шығармаңыз. Болашаққа жоспар жасаңыз, жаңа мақсаттарға қарай қадам басыңыз.

Арыстан

Жан-жағыңызда болып жатқан дүниеден хабарсыз қалуыңыз мүмкін. Күн сіз үшін айтарлықтай тыныш, қандай да бір жарқ етер жаңалықсыз өтері сөзсіз. Дегенмен сіз бұған еш өкінбеңіз. Барынша белсенділік танытыңыз. Қарадан ақ жасауға, жоқтан бар жасауға талпыныңыз.

Бикеш

Ағысқа қарсы жүзуді үйренгеніңіз абзал. Ендігі уақытта бір орында тұра беруге болмайтынына көз жеткізіңіз. Өйткені кезекті толқынмен жағаға шығып қалуыңыз да ғажап емес. Сондықтан да босқа қарап отырмаңыз, қамданғаныңыз дұрыс.

Таразы

Бүгінгі күн көп іске нүкте қоюға себепші болады. Көп мүмкіндікті жіберіп алғаныңыз үшін өкінбеңіз. Өткенді өзгерту қолыңыздан келмесе де, оған деген көзқарасыңызды өзгерте аласыз. Ақылды емес, жүрегіңізді тыңдаңыз. Сонда ғана жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады.

Сарышаян

Алтын уақыттың қадірін біліп, әр сәтті тек жақсылыққа толтыруға талпыныңыз. Бұл аптада материалдық жағдайыңыздың орнықты болары сөзсіз. Күтпеген жерден мол олжаға кенелесіз. Сондай-ақ қызметтеде белгілі бір жетістікке қол жеткізуіңіз мүмкін.

Мерген

Ғашық жандар үшін бұл күн қуанышқа толы болмақ.Сүйікті адамыңызбен достарыңызбен бірге ойын-сауық отырыстарына баруыңыз әбден мүмкін. Отбасылы мергендер балалары үшін біраз шығындалады. Жеке бастың да жағдайын ұмытпай, өзіңізге де көңіл бөліп қойыңыз.

Тауешкі

Жаңа ұсыныстар, жаңа таныстар өміріңізді өзгертуі мүмкін. Ең батыл жоспарларыңызды іске қосыңыз. Жанашыр жандар жаныңыздан табылатын күн. Аяқтан шалушылар да кезігуі мүмкін. Бірақ оған алаң болмай-ақ қойыңыз. Жұлдызыңыз оңынан туып тұр!

Суқұйғыш

Бүгін ішкі ойларыңызды жүзеге асыруға қолайлы кезең. Бірақ «ақырын жүріп анық бас» дегенді естен шығармаңыз. Ойға алған істің артын бағып, орындалғанша жасырын ұстасаңыз да болады. Ал өмірлік маңызы бар мәселені шешуде басқа біреуге сенім артудың қажеті жоқ. Кешке бәрін тастап, жақсылап демалыңыз.

Балықтар

Балықтар бүгін жұртшылық назарының нысанына айналғалы тұр. Көпшілік арасынан ерекшеленіп, көзге ілігесіз. Сізге кей адам жүрегін ұсынуы мүмкін немесе тұрмыс құруға ұсыныс түсуі мүмкін. Сондай-ақ, бүгін қандай да бір байқаудың жеңімпазы атануыңыз мүмкін.Ұзақ жолға шықпағаныңыз дұрыс.


Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.
Все новости