|    |  
15 қазан 2019
23:53
Жұлдыз жорамал 21 қаңтар
21 қаңтар 2019, 09:04 34


1. Тоқты

Бүгін істеген шаруаға бар ықыласыңызды саласыз. Соның арқасында қиын, әрі жауапты істі аяқтай аласыз.

2. Торпақ

Бүгін жеке өміріңіз бен жұмысты ажыратып алу керек. Әйтпесе басыңызда ғана емес, өміріңізде де қиындықтар басталады. Жұмыста тек кәсіби істермен айналысып, үйде отбасы мүшелеріне көңіл бөліңіз.

3. Егіздер

Бүгін біліміңіз бен біліктілігіңізді көрсетуге асықпаңыз. Басқаларды көп тыңдап, ақпарат жинаңыз. Зеректік серігіңіз болсын.

4. Шаян

Бүгін қиялдаумен емес, жоспарлаумен айналысыңыз. Алдағы аптаға, айға, тіпті жылға жоспар құруға болады. Ойдағыны іске асыруға әлі ерте, бірақ жоспарлаудың өзі көп уақытты талап ететін шаруа.

5. Арыстан

Адамдардың сөздеріне құлақ асыңыз. Бүгін маңызды ақпаратты естіп қалуыңыз мүмкін. Соның арқасында өміріңізде өзгерістер орын алады.

6. Бикеш

Бұл дүйсенбі сіз үшін күрделі болуы мүмкін. Бүгін басқалардың пікірі мен сіздің ойларыңыз бір-біріне қарама-қайшы келуі мүмкін. Сынды қабылдауға дайын болмасаңыз, ойларыңызбен бөліспеңіз.

7. Таразы

Бүгін күрделі таңдау жасау керек болады. Бірақ асығыстық танытпаңыз. Шешімді басқа күні де айтуға болады.

8. Сарышаян

Бүгінгі күн сіз үшін өте табысты, әрі пайдалы болады. Жаңа білімге ұмтылысыңыз болса, көп нәрсені үйренесіз. Үнемі білімді жетілдіре білу сәттіліктің кепілі.

9. Мерген

Бүгін өміріңізді өзгертудің мүмкіндігі беріледі. Көптен бері бір нәрсеге көңіліңіз толмай жүрсе, мұны өзгертудің кезі келді. Мақсаттан бас тартпай, оған жетудің жолдарын қарастыру керек.

10. Тауешкі

Бүгін бір жағынан басқалардан оқшауланып өз ісіңізбен айналысқыңыз келеді. Екінші жағынан басқаларға кеңес беріп, көмектесуге де құлшынасыз. Дегенмен бұл күнді өзіңізге арнаған дұрыс.

11. Суқұйғыш

Бүгін ай тұтылады, ал сіз мұндай құбылыстарға өте сезімталсыз. Сол себепті өте ашушаң және сезімтал боласыз. Бұл күнді сәтті өткізу үшін өзіңізді еркелетіңіз. Бірақ міндеттеріңізді ұмытпаңыз.

12. Балықтар

Бүгін қиял мен сезімдерді ауыздықтап, нақтылыққа ұмтылу керек. Қиялдаймын деп көп нәрсені қалт жіберуіңіз мүмкін.

Дереккөзі: "ПТ" топтамасынан 
Все новости