|    |  
20 қазан 2019
16:25
Жұлдыз жорамал: 21 мамыр
21 мамыр 2018, 09:09 44


Балықтар
Белсенді болуға тырысыңыз. Міндетті түрде жолыңыз болады. Бүгін болашағыңыздың жарқын болуына әсер ететін тұлғалармен танысасыз. Қай жерде болмасын сөз таластырудан аулақ болыңыз.

Суқұйғыш
Бүгін тағдырдың тамаша сыйы аз болмасы анық. Күтпеген жерден жақсы ұсыныстар түсуі ғажап емес. Кешке жалғыз қалып, жеткен жетістіктеріңіз жайлы жақсылап ойлануыңыз сізге күш-жігер сыйлары сөзсіз.

Тауешкі
Алға қойған мақсатыңызға жетіп, аяқ асты пайда болған қиын мәселелердің шешуін оңай табасыз. Осы күнге дейін оқып-білген, көрген, жеткен дарыныңыз бен біліміңізді жиналған жұрттың алдында көрсетуге қолайлы уақыт.

Мерген
Ойларыңызды құпия сақтаңыз. Əр бастаған ісіңіз оңға басады. Қаржылық жағдайыңыз реттеліп, ісіңіз оңға басады. Жанұяңызда шуақ орнап, бақытқа кенелесіз. Әлеуметтік проблемалар да артта қалады.

Сарышаян
Бүгін сізді көптеген кездесулер күтіп тұр. Кешкісін орын алатын жаңа таныстық, сіздің өміріңізді бір жолата өзгертуі мүмкін. Сіз ол таныстықтан қашпаңыз.

Таразы
Бүгін батыл қадамдарға барудың қажеті жоқ. Бәрібір бағаланбайды. Одан гөрі жиналып қалған ұсақ-түйек проблемаларды шешуге тырысыңыз. Бүгін көптеген кездесулер, тынымсыз қоңыраулардан қолыңыз босамайды. Тіпті шаруа шаш етектен болатыны сондай, кейбір таразылар аяқ астынан өздеріне өздері демалыс жариялауы мүмкін.

Бикеш
Бүгін ойланып, толғанатын жұмыстар көп болмақ. Логикалық ойлаудың жетпейтіндігін біліп, ішкі түйсігіңізге де жүгінуіңіз мүмкін. Жеке өміріңізде де елеулі өзгерісте болмақ. Ол адамды сіздің сыртқы келбетіңізден бөлек, зерделігіңіз де қызықтырады.

Шаян
Бұл күн сіз үшін қарбаласқа толы болмақ. Отбасында және жұмыста/оқуда жолыққан кедергілерге сабырлылық танытыңыз. Тек жалқаулыққа жол бермеңіз. Себебі, кей адамдардың шамына тиіп, сөгіс алып қалуыңыз ғажап емес.

Арыстан
Бүгін отбасылық өмірге қадам басуға қолайлы болмақ. Шығармашылық жолында жүрген адамдар үлкен олжаға кенелмек. Істеген әрекеттеріңізде барынша сақ болсаңыз дене жарақатынан, қоршаған адамдармен сөзге келіп, ренжісуден құтылуыңыз мүмкін.

Егіздер
Жаңа идеялар мен жоспар құруда аса ұқыпты болыңыз. Алға қойған мақсаттарыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік туып тұр. Шешім қабылдарда «жеті рет өлшеп, бір рет кесуді» есте ұстаңыз. Бәріне бірдей үлгермейсіз. «Айтылған сөз атылған оқпен тең» демекші, әр сөзіңізге абай болыңыз.

Торпақ
Жанұяда жарасымды көңіл күй қалыптасады. Сүйіктіңізбен қол ұстасып өмір табалдырығын бірге аттауға таптырмайтын уақыт. Ата-ана, ағайын-туыс та сіздің шешіміңізді қуана қолдайды. Қаржылық мүмкіндігіңіз артады. Көптен көкейде жүрген затты сатып алуыңызға болады. Кез-келген өзгерістер сіздің табыстарыңыздың еселенуіне мүмкіндік туғызады. Тек өзіңіздің жақсы қырларыңызды аша білуіңіз қажет.


Тоқты
Бүгін шығармашылық қабілеттеріңізді көрсетесіз. Бұл жеке қызығушылығыңызға, қызметіңізге немесе оқуыңызға байланысты. Сүйіктіңізге қайтадан ғашық болғандай әсерге бөленесіз. Әріптестеріңіздің шынайы бейнесіне көз жеткізесіз. Мұнымен қатар, жарыңыздың болмысын тани бастайсыз.

Дереккөзі: "ПТ" топтамасынан 



 
Все новости