|    |  
15 қараша 2018
13:20
Жұмыссыз келіншек кірпішпен 22 банкоматты сындырғын
10 тамыз, 17:59 1080

 
Қытайдың Сяньян қаласында (Шэньси провинциясы) жұмыс таппай ашу-ызыға бой алдырған тұрғын кірпішпен, ағаш таяқпен 22 банкоматты сындырған. Банкоматтарды сындыру фактісі бойынша 31-шілдеден бері полицияға бірнеше шағым түскен. Видеобақылау жазбаларында әйел адамның банк құрылғыларына жақын келіп, бірнеше секунд ұрғылап, жасырынғаны түсірілген.
Тергеу барысында күдіктінің Сяньян қаласына көрші Ганьсу провинциясынан жұмыс табу үшін келгені, жолдасымен ажырасқаны, фамилиясының Ли екені анықталған. Бірақ жұмыс таба алмаған. «Ит ашуын тырнадан алыпты» демекші, ызаға булыққан келіншек ашуын банкоматтардан алса керек. Банктер келтірілген шығын көлемін 87,3 мың долларға бағалаған.

Дереккөз: radiotochka.kz
Теги: Қылмыс
Все новости