|    |  
19 тамыз 2019
17:08
​Жүрегі 6 күн бойы соқпай қалған қыз есін жиған
27 маусым 2019, 18:08 109
Қытайдың Шанхай қаласында 10 жастағы қыз күрделі отадан кейін есін жиған. Ол жүрегі алты күн бойы соқпай, реанимацияда жатқан.



Қыз бала мамыр айының басында қатты ауырып емханаға түскен. Дәрігерлер оның жүрегі қатты ауыратынын анықтап, кардит деген диагноз қойған.

Дәрігерлер баланың жүрегін дереу ауыстыру керек деген шешімге келген. Бірақ донорлық жүрек болмай ол алты күн реанимацияда арнайы аппаратта жатқан. Алты күннен кейін қыздың жүрегі ауыстырылған. Қазір ол қалпына келуде.
 
Дереккөз: Сегодня
Все новости