|    |  
18 маусым 2019
22:07
Жүзіңізді жайнататын 5 әдіс
22 мамыр 2019, 12:29 151
Жүзіңіздің іштей жайнауы - сымбатты көрінудің бірден-бір әдісі. Бұл үшін сыртқы күтім де, ішкі жан дүниенің тазалығы да керек. 

Сонымен назарларыңызға жүзіңізді жайнататын 5 әдіс. 



Ғашық болыңыз 

Ғашықтық сезімі ағзамызда небір қызық процесстер бастайды. Мысал үшін, дофамин мен окситоцин шығарылады. Бұл бақыт гормондары теріні қоректік заттармен байытып, оны жайнатады. 

А дәрумені 

А дәрумені тапшы ағзаның иммунитеті нашарлайды, тері құрғап, қабыршақтана бастайды. 

Оттегі косметикасын қолданыңыз 

Теріні оттегімен қоректендіру керек, басқа жағдайда, тері құрғап, түсін жоғалтады. Бұл үшін арнайы косметика да бар. Әрине оның құрамында оттегі жоқ. Алайда ондағы белсенді заттар тері жасушаларын оттегімен байытады. 

Күліңіз 

Күлу стрессті азайтып, ағзада бақыт гормондары эндорфиндерді бөледі. Сондай-ақ күлкі әр аруға жарасады. 

Жарқырататын бөлшектер бар крем қосыңыз 

Жарқырататын бөлшектер бар крем не опа бетіңіздің түсін дұрыстап, бір сәтте жарқын қылады.

Дереккөз: Reactor
Все новости