|    |  
22 ақпан 2020
19:42
​Зодиак белгілері қаншалықты адал және қызғаншақ?
29 қаңтар 2020, 15:17 275
Ең адал кімдер, ал ең қызғаншақ кімдер? Мақаламызға назар аударып көріңіз.


 
Тоқты
Адалдық: Егер ол қарым-қатынастың болашағы жоқ деп санаса көзге шөп салады және оны бірнеше мәрте жасауы мүмкін. Ал егер олш шын сүйсе онда сүйіктісіне адал.
Қызғаншақтық: 75%
 
Торпақ
Адалдық: Торпақтарға берік қарым-қатынастағы бақыт пен қауіпсіздік сезімі ұнайды. Олар көзге шөп салуға бейім емес. Олар сүйіктілеріне адал. Нәпсілеріне қарсы тұра алады.
Қызғаншақтық: 65%
 
Егіздер
Адалдық: Егіздер шынымен адал болуды қалайды. Бірақ олар өзгелердің жүрегін жиі жаулап алады. Сол себепті олардың жүрген жерінде нәпсілеріне әсер ететін дүниелер көп. Ал егер олар шынымен ғашық болып қалса сүйіктілерін бақытты ету үшін барын салады.
Қызғаншақтық: 25%
 
Шаян
Адалдық: Егер сезімі шынайы болса шаяндар 100% адал болады. Бірақ оның талапшылдығынан ең берік деген қарым-қатынастың өзі тығырыққа тірелуі мүмкін.
Қызғаншақтық: 85%

Арыстан
Адалдық: Оларға өз нәпсілеріне ие болу қиын. Дегенмен ол өзінің сүйгенін оп-оңай құрбандыққа шала салмайды. Олар алдағы қадамдарын күні бұрын есептеп алады.
Қызғаншақтық: 85%
 
Бикеш
Адалдық: Бикештер сүйіктілеріне адал. Сүйіктілерінен де соны күтеді. Алайда олар оңайлықпен бағынғысы келмейді, сондықтан қарым-қатынастарын құртып алуы мүмкін.
Қызғаншақтық: 40%
 
Таразы
Адалдық: Олар бәрін таразыға тартып алады. Қарым-қатынасты да солай сүзгіден өткізеді. Оларға ғашық болған ұнайды. Егер олар шын ғашық болып қалса бақытты болады.
Қызғаншақтық: 50%
 
Сарышаян
Адалдық: Олар кімді болсын есінен тандырады. Олардың сексуалдық энергиясы өте жоғары. Бірақ олар шынайы махаббаттарын кезіктірсе адал болады.
Қызғаншақтық: 90%
 
Мерген
Адалдық: Олар өте коммуникативті. Қарым-қатынаста тұрақты болғанымен ойын-сауыққа құмар келеді.
Қызғаншақтық: 20%
 
Тауешкі
Адалдық: Олар салмақты, ұстамды келеді. Сол себепті де сүйіктілеріне барынша адал. Олар шынайы махаббат үшін көп нәрсені құрбан ете алады.
Қызғаншақтық: 30%
 
Суқұйғыш
Адалдық: Олар құйын сияқты. Сондықтан оларды бақылау мүмкін емес. Оларға сүйіктілерімен түрлі ойындар ойнаған ұнайды. Кейде бұл қылықтары көзге шөп салумен аяқталып жатады. 
Қызғаншақтық: 10%
 
Балықтар
Адалдық: Олар өте ашық. Оларға араласқан, ғашық болған ұнайды. Қарым-қатынастары берік әрі ұзақ болады. Егер олар сүйіп қалса бар іс-әрекетімен ғашық екендіктерін дәлелдейді. 
Қызғаншақтық: 70%
 
Дереккөз: Клубер
Все новости